Қазақстанның оңтүстігінде, кей жерлерде солтүстігінде найзағаймен жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ ақпаратына сәйкес.
Елдің солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Астанада күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +6...+8°С, күндіз +16...+18°С.
Алматыда күн ала бұлтты, кешке қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +12...+14°С, күндіз +24...+26°С.
Шымкентте күн ала бұлтты, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде +12...+14°С, күндіз +18...+20°С.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.