Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, – делінген Ақорданың арнайы хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.