1 қазан таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,72%-ға арзандап, барреліне 97,32 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,94%-ға төмендеп, барреліне 89,57 долларды құрады.
Ресейдің Urals маркалы мұнайы да арзандады. Оның бағасы 0,49%-ға төмендеп, барреліне 110,40 доллар болды.
Соған қарамастан, қыркүйек айының қорытындысы бойынша Brent шамамен 14%-ға қымбаттады. Бұл шілдеден бергі ең жоғары айлық өсім. WTI бағасы бір айда шамамен 5%-ға көтерілді.
Мұнай нарығына АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің барысы, Парсы шығанағынан мұнай жеткізу перспективасы және ОПЕК+ елдерінің өндіріс көлеміне қатысты ықтимал шешімдері әсер етіп отыр.