Қазақстанда 4,1 миллионнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Бұл 2024–2025 оқу жылындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға көп.

Қазақстанда 1 қыркүйекте 2026–2027 оқу жылы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл мектептерге 4,1 миллионнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Оның 380 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024–2025 оқу жылындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ға көп.

Білім беру инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 мектеп пайдалануға берілген. Оның 14-і ауылдық жерде орналасқан.

Сонымен қатар осы кезеңде 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның 26-сы ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 26 қазан мен 1 қараша аралығына белгіленген.