Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болды

Өзгеріс жасанды интеллект бағытын да қамтиды.

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінің бағдарламасына құқықтық сауат, қауіпсіздік және жасанды интеллектке қатысты жаңа бағыттар енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 5-7 сынып оқушылары «Конституция негіздерін», ал 8-11 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» курсын оқиды. 5-11 сыныптарға арналған «Жеке қауіпсіздік» курсы да қарастырылған.

Өзгеріс жасанды интеллект бағытын да қамтиды. Бірақ жасанды интеллект мектепте жеке пән ретінде оқытылмайды.

1-4 сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәні енді «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» деп аталады. 5-11 сыныптардағы «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертілді.

Жаңартылған бағдарламаларға жасанды интеллектке қатысты 43 оқу мақсаты енгізілген. Оқушылар технологияларды қолданумен қатар дербес деректерді қорғау, цифрлық қауіпсіздік, сыни ойлау және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану негіздерін меңгереді.