Ауыл тұрғындары жалға берілетін баспанаға өтініш бере алады

Өтініш Baspana Otbasybank платформасы арқылы электронды түрде беріледі.

Қазақстанда ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өтініштер 1-7 қыркүйек аралығында қабылданады. Бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылған азаматтар қатыса алады.

Өтініш Baspana Otbasybank платформасы арқылы электронды түрде беріледі.

Жалға берілетін баспаналар ауылдық елді мекендерде орналасқан. Сондықтан бұл бағыт ең алдымен ауылда тұратын және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтуға арналған.