Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары екен анықталды

Қазақстанда жұмыс берушілердің жоғары білікті мамандарға сұранысы сақталып отыр.

Тамызда жарияланған бос жұмыс орындарының 46,6%-ы жоғары білікті кадрларға арналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 840,6 мың бос жұмыс орны мен 1 млн 22,4 мың түйіндеме жарияланған. 

Тамызда мамандарға ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді. Бұл салада 61 мың бос жұмыс орны жарияланған. Министрлік мұны жаңа оқу жылының басталуымен байланыстырады.

Қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, ауыл, орман және балық шаруашылығы мен құрылыс салаларында да жұмыс күші қажет.

Өңірлер арасында жұмыс берушілер Астана мен Алматыда белсенді. Екі қалада да шамамен 10 мыңнан бос жұмыс орны жарияланған. 

Жалпы еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 2026 жылдың екінші тоқсанында 4,5%-ды құрады. Ел экономикасында 9 млн 399,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 2,9%.