Қарағандының «Голубые пруды» шағынауданында төрт жасар қыз көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтер терезесінен құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2022 жылы туған бүлдіршін сол күні қонақта болған. Қайғылы жағдай болған сәтте бала ересектердің қарауынсыз қалған.
Биіктен құлаған қыз ауыр жарақат алып, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, бүлдіршін көз жұмды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.