Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.

Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы тележүргізуші Санди Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Біз 7-арнада бірге жұмыс істедік. Индира өте мейірімді, жауапкершілігі мол және үнемі күліп жүретін ақжарқын қыз еді... Өз жұмысына берілген мықты журналист еді. Бір кездері редакцияда, эфирде, жұмыста бірге жүрген өте жас әріптесім туралы мұндай жаңалықты есту өте ауыр... Иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды тележүргізуші.

Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.