Алдағы күндері қар жауып, қатты жел тұруы мүмкін

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту.

Синоптиктер болжамы бойынша қазан айында Астанада қар жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қар - Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай және Маңғыстау облыстарында.

15–25 м/с дейін қатты жел - еліміздің бірқатар өңірлерінде.

Тұман - Қазақстанның солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде.

Жоғары және төтенше өрт қаупі бірқатар өңірлерде сақталады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 04 қазанда күннің соңында, 05 қазанда тәулік бойы жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, 04 қазанда күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с, 05 қазанда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 04 қазанда күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қазанда түнде 0-2 градус жылыға дейін, күндіз 3-5 градус жылыға дейін одан әрі төмендейді.

Астана қ.: 02 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 02 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 02 қазанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қазанда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 03-04 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 04 қазанда облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы 02 қазанда күндіз 8-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 03 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус аязға, күндіз 3-8 градус жылыға дейін одан әрі қарай төмендейді.

03 қазанда тәулік бойы, түнде 04 қазанда Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 03-04 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 04 қазанда облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы 03 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

03-04 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 03 қазанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, 04 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 04-05 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, 04 қазанда күндіз, 05 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні    23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса. Ауа температурасы 02 қазанда күндіз 11-16 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 03 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін одан әрі төмендейді. 04 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус аязға дейін, күндіз  2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

04-05 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 04 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 04-05 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, 04 қазанда күндіз, 05 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 04 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде  3 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін одан әрі төмендейді.

04-05 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар, 04 қазанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 04-05 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, 04 қазанда күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 05 қазанда екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 04 қазанда күндіз 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аязға дейін, күндіз  0-5 градус жылыға дейін одан әрі төмендейді.

04 қазанда Қызылорда облысында күндіз ауа температурасы 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі.

04 қазанда Жамбыл облысында күндіз ауа температурасы 15-20, таулы аудандарда 12 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі.

05 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан жел соғады, 04 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 05 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с,  кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 04 қазанда күндіз  5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға жылыға дейін одан әрі төмендейді.

05 қазанда Қарағанды облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 04 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, 05 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 04 қазанда күндіз 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендейді,  05 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аязға дейін, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде, шығысында 8 градус жылыға дейін одан әрі төмендейді.

05 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, 04 қазанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, 05 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында  екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

05 қазанда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 10-15, облыстың таулы аудандарында 5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

02 қазанда Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты  жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде және таңертен Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде таңертен және күндіз, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.  Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

02 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.