Джиу-джитсудан Болатбек Сейілхан пен Адлан Мадаев Азиаданың ширек финалына өтті

Адлан Мадаев 1/8 финалда Байғазы Бағышбековпен 0:0 есебімен тең түссе де, шабуылдағы белсенді әрекеті үшін, келесі айналымға шықты.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан екіншң жарыс күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

94 келідегі Абдулла Дабыл 1/8 финалда Таиланд спортшысы Ракпол Полпутты айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 50:0. Өкінішке қарай, ол 1/4 финалда Сауд Арабиясының спортшысы Омар Тариг Надаға 0:6 есебімен жол берді.

Осы салмақтағы Мақсат Төленді алғашқы айналымда Иран спортшысы Пурия Тахерханидан өте алмады. Есеп: 0:2.

77 келідегі Адлан Мадаев 1/8 финалда Байғазы Бағышбековпен 0:0 есебімен тең түссе де, шабуылдағы белсенді әрекеті үшін, келесі айналымға шықты. 77 келідегі Адлан Мадаев ширек финалда Ирак спортшысы Амро Мохаммед Фпдхил Әл-Саммаррайды 50:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Махди Алаулажиге (БАӘ) белсенділік бойынша (0:0) жол берді. Оның 3-орын үшін қарсыласы енді анықталады.

Осы салмақта тағы бір отандасымыз Болатбек Сейілхан Сингапур өкілі Жед Ши Жи Танға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 50:0.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.