Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таэквондодан жүлделі орынға жақындады

Виртуалды таэквондодан Рита Бакишева Азия ойындарында жартылай финалға шықты.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуалды таэквондодан жарыс басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рита Бакишева алғашқы айналымда Иордания спортшысы Мохаммад Аладарбиді 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.