12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан Азиаданың чемпионы атанды

Бұған дейін Қазақстан боксшылары 2014 жылы Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған Азиадада жоғары тұғырға көтерілген болатын.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан ақтық сында Иордания спортшысы Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан жинақы қорғанып, әрі дер кезінде шабуылдап үлгерген отандасымыз әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, Қазақстанның Азиададағы қоржыны оныншы алтынмен толықты.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

1/8 финал. Мохаммед Дбичи (Қатар) – 5:0

1/4 финал. Әли Касим Хамдан Әл-Сарай (Ирак) – 1-раундта нокаут

1/2 финал. Шавкатжан Болтаев (Өзбекстан) – 5:0

Осы салмақта Азия ойындарында кімдер чемпион атанған?

2014 жыл. Данияр Елеусінов (69 келі)

2010 жыл. Серік Сәпиев (69 келі)

2006 жыл. Бақыт Сәрсекбаев (69 келі)

2002 жыл. Геннадий Головкин (71 келі)

1998 жыл. Ермахан Ибраимов (71 келі)

1994 жыл. Қанатбек Шағатаев (71 келі)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.