Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарының жүлдегері атанды

Бұл – Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі.

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл – Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.