Шыныққан шымыр болар

«Әділет» партиясының қалалық филиалы партия жастар қанатымен бірлесіп ашық аспан астындағы таңғы ортақ жаттығу ұйымдастырды. Шараға студенттер, спортпен енді шұғылдана бастаған адамдар, блогерлер мен белсенділер қатысты.

Студенттермен бірге танымал қо­нақтар да жаттығу жасады. Жас­тарға IBO нұсқасы бойынша бокс­тан әлем чемпионы Жаңқош Тұраров, Nomad Fighting аралас жек­пе-жек лигасының президенті Мұ­хамеджан Қонысбеков, BARYS спорт қауымдастығының негізін қалау­шы Диас Абдулякимов және қалалық күрес федерациясының вице-президенті Данияр Охапов қолдау көрсетті. Ал кәсіби бокс бап­кері Әлішер Ертай мен ММА спортшысы Жұман Жұмабеков қа­тысушыларға жаттығу өткізді. Олар­дың жетекшілігімен мыңда­ған адам бір мезетте жаттығу жаса­ды.

Бағдарламаның ерекше сәті – полиция кинологтары қызметтік ит­тердің дағдыларын көрсетуі бол­ды. Жаттығудан кейін құқық қор­ғау органдары мен білім беру са­ласының өкілдері жастармен құ­қықтық жауапкершілік, қауіп­сіз­дік және жат әдеттердің зияны ту­ралы әңгімелесті. Бірлескен жат­тығу түрлі мамандық иелері мен әр жастағы қала тұрғындарын ортақ мақсат төңірегінде топтас­тырып, жастар арасында салауатты өмір салтына деген сұраныс жоғары екенін көрсетті.

Бекбол АМАНГЕЛДІ