Қорғаныс министрлігінің үш жоғары лауазымды басшысы қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қорғаныс министрлігінің бірқатар жоғары лауазымды әскери қызметшісі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.