Көршілер түнде шуласа, 21 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін

Көршілер белгіленген уақытта тыныштықты бұзса, тұрғындар полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Көпқабатты үйде түнде қатты музыка қосу, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе өзге де жолмен көршілердің тыныштығын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шуға сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жол берілмейді.

Талапты бұзған жеке тұлғаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңге болғандықтан, айыппұл көлемі 21 625 теңгені құрайды. Егер адам бір жыл ішінде тыныштықты қайта бұзса, айыппұл 10 АЕК-ке, яғни 43 250 теңгеге дейін өседі.

Тұрғын үйлерде және тұрғын үй аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарына қатысты уақыт тәртібі өзгеше: жұмыс күндері 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштық сақталуы керек.

Көршілер белгіленген уақытта тыныштықты бұзса, тұрғындар полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласа алады.