Ресей «Штурм» танкін көрсетті

Жауынгерлік машина Челябі облысындағы полигонында сыналған

Ресейде «Центр-2026» әскери жаттығуы кезінде жаңа роботтандырылған «Штурм» шабуыл танкі көрсетілді. Жауынгерлік машина Челябі облысындағы полигонында сыналған.

«Штурм» Т-72/Т-90 танктерінің платформасы негізінде жасалған. Ол қысқа қашықтықтағы ұрысқа арналған ұңғысы қысқартылған 125 миллиметрлік зеңбірекпен, үйінділерді тазартуға арналған бульдозерлік құрылғымен және танкіге қарсы гранатаатқыштардан қорғайтын жүйемен жабдықталған.

Машинаны экипаж дәстүрлі түрде де, қашықтан да басқара алады. Әзірлеушілердің жоспары бойынша, «Штурм» қала жағдайындағы ұрыстарда алдыңғы шепте қолданылып, қарсыластың атыс нүктелерін анықтап, жоюға арналған. Жоба туралы алғашқы ақпарат 2018 жылы жарияланған.