Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы матчында жеңілді

Рыбакина әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараеваға есебімен жол берді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы кездесуінде жеңілді.

Бейжіңде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында Рыбакина әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараеваға 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жол берді.

Осылайша қазақстандық теннисші былтыр Бейжіңде үшінші айналымға шыққаны үшін алған ұпайларын қорғай алмады. Дегенмен бұл нәтиже оның рейтингтегі бірінші орнына әзірге әсер етпейді.

Алда Рыбакинаны Ухань, Нинбо және Токиодағы турнирлер, сондай-ақ маусым қорытындысы бойынша WTA Finals додасы күтіп тұр. Бұл жарыстарда қазақстандық теннисші 2 мыңнан астам рейтингтік ұпайын қорғауы керек.