Қазақстан құрамасы су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткіздік

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты. 

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.