Түркістан облысында дәмхана өртенді

Зардап шеккендер жоқ

Бүгін Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылында дәмхананың шатыры өртенді.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дәмхана мен дүкен орналасқан ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт ТЖМ және «Ауыл құтқарушылар» күштерімен толықтай сөндірілді. Өрттің аумағы 180 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.