Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабында қаржыны дұрыс басқарудың қарапайым қағидалары ұсынылады. Автор оларды «әмиянды толтырудың жеті жолы» ретінде береді.
Кітаптағы негізгі кеңестер:
- Табыстың кемінде 10 пайызын жинаққа қалдыру;
- Шығынды бақылап, қажеттілік пен қалауды ажырату;
- Жинаған ақшаны табыс әкелетін іске салу;
- Ақшаны жоғалту қаупі жоғары күмәнді инвестициялардан сақтану;
- Баспананы тиімді қаржылық шешімге айналдыру;
- Болашаққа тұрақты табыс көзін алдын ала қалыптастыру;
- Білім мен кәсіби дағдыны жетілдіріп, табыс табу қабілетін арттыру.
Кітаптың басты ұстанымдарының бірі – алдымен өзіңе төлеу: қанша табыс тапсаңыз да, оның белгілі бір бөлігін жұмсамай, тұрақты түрде жинақтап отыру.