4 қазанда Алматыдағы «Байқоңыр» метро станциясының жұмысына уақытша шектеу қойылады. Станцияға кіру және шығу 20:30-дан 22:00-ге дейін жабық болады.
Алматы метрополитенінің хабарлауынша, мұндай шара Орталық стадионда өтетін концертке байланысты қабылданған. Осы күні метро күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Сағат 22:00-ден кейін «Байқоңыр» станциясы қайта ашылып, метро жұмысы аяқталғанға дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.