«Барыс» соңғы секундтарда есепті теңестіріп, «Спартакты» жеңді

«Барыс» соңғы секундтарда есепті теңестірді

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы ойында мәскеулік «Спартакты» 4:3 есебімен жеңді.

Үшінші кезеңнің аяқталуына 1 минут 38 секунд қалғанда астаналықтар 2:3 есебімен ұтылып жатқан. Тайс Томпсон есепті теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді. Бұған дейін «Барыс» сапынан Логан Дэй мен Әлихан Әсетов шайба соқты.

Буллиттер сериясында Гарретт Пилонның соққысы «Барысқа» жеңіс әкелді.

Қазақстандық клуб маусым басталғалы жеті жеңіске жетіп, бес рет жеңілді. «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орында келеді. Келесі ойынын 10 қазанда өз алаңында «Авангардқа» қарсы өткізеді.