«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда қатты жаңбыр жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде найзағай ойнайды.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар түрінде мол жауын-шашын болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер күтіледі:
05 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарта қатты жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарта 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 05 қазанда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.
Қонаев қ.: 05 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 қазанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарта 25 м/с.
05 қазанда Жетісу облысында жаңбыр, облыстың шығысында, орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 05 қазанда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.
05 қазанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында топырық бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 05 қазанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 05 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қазанда түнде Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 қазанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.
05 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Қостанай қ.: 05 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
05 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
05 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 05 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 05 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыта 23 м/с күтіледі.
05 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ: 05 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыта 23 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
05 қазанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды қ.: 05 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
05 қазанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 05 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қазанда түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 05 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
05 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 05 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 қазанда Атырау облысында батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 05 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қазанда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 05 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
05 қазанда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.