Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары мен Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға  сілтеме жасап.

Сонымен қатар  Президент өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.