«Праймериз өткізуді ахуал толық тұрақтанға дейін кейінге қалдыра тұру керек. Қазір «Nur Otan»-ның қызметі толықтай қайта бағдарланды. Партияның барлық ресурсы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж қазақстандықтарға көмек ұйымдастыру шараларына қолдау көрсетуге бағытталды», - деп атап көрсетті елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында Nur Otan партиясы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттағанын атап өткен жөн. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Тұңғыш Президент Қорынан тағы да 200 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың арқасында партия белсенділері мен Jas Otan волонтерлары күн сайын халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын антисептик және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажет тауарлармен және басқалармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Сонымен бірге Nur Otan партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған Birgemiz қоғамдық қорына өзінің барлық ұйымдық ресурсын қайтарымсыз негізде ұсынды.
Nur Otan партиясының барлық ресурсы коронавирусқа қарсы күреске бағытталған - Назарбаев
142
оқылды
оқылды