Атырауда төрт адам мінген лифт құлады

Оқиға бүгін, яғни 5 қазанда болған.

Атырау қаласының Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында жеделсаты үшінші қабаттан құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға кезінде лифт ішінде төрт адам болған. Үш тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Тағы бір тұрғын медициналық көмектен бас тартқан.

Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барды. Қала әкімі жағдайды қарап, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.

Қала әкімі лифтінің құлау себептерін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы барлық лифтілердің техникалық жағдайына толық тексеру жүргізіп, олардың қауіпсіздік деңгейін бағалауды тапсырды.

Баян Жанұзақова