Тимофей Скатов Шанхайдағы турнирдің іріктеу финалына шықты

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Қазақстан өкілі грекиялық теннисші Стефанос Сакелларидисті 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Шанхайда өтіп жатқан ATP Masters 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Қазақстан өкілі грекиялық теннисші Стефанос Сакелларидисті 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Скатов матчты сенімді өткізіп, қарсыласына бірде-бір сет бермеді. Қазақстандық теннисші бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сакелларидис бес эйс орындап, үш қос қателік жіберді. Сонымен қатар Скатов қарсыласына қарағанда мәжбүрлі емес қателіктерді айтарлықтай аз жіберді 16-ға қарсы 28.

ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, осы жеңістің арқасында Скатов іріктеу кезеңінің финалдық раундына шықты. Енді ол австралиялық Бернард Томичпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы Шанхайдағы турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.