Әділет» партиясы үшін ірі өндіріс орындарымен және еңбек ұжымдарымен тікелей жұмыс жүргізу – маңызды бағыттың бірі. Партияның мақсаты – еңбек адамдарының ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, оларды шешуге ықпал ету.
– Өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі өңір экономикасына ғана емес, мыңдаған отбасының әл-ауқатына әсер етеді. Сондықтан партия еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдауға және көтерілген мәселелерді тиісті деңгейде шешуге ықпал етуге дайын, – деді партияның Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген.
Кәсіпорын бас директоры Ербол Әжмағанбетов бастауыш партия ұйымының ашылуы ұжымның қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Біздің кәсіпорын үшін өндірістің тұрақты дамуы ғана емес, ұжым мүшелерінің қоғамдық бастамаларға араласуы да маңызды. Бастауыш партия ұйымының құрылуы қызметкерлердің ұсыныстары мен бастамаларын ортақ алаңда талқылауға мүмкіндік береді, – деді ол.
Айта кетейік, «Қайнар АКБ» – жартығасырлық тарихы бар, Жетісу өңіріндегі ірі өнеркәсіп кәсіпорынының бірі. Бүгінде зауытта 1 200-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 3,6 млн дана аккумулятор шығаруға жеткілікті. Зауыт өнімдері ішкі нарықпен қатар шетелге де экспортталады.
Бекбол АМАНГЕЛДІ