Инфрақұрылым игілігі – болашақ үшін

Қазір еліміздегі 8 мыңнан астам білім ошағында 4,1 млн бала оқып жатыр. Осыдан он шақты жыл бұрын қоғам мектептегі орын тапшылығы, білім беру саласындағы инфрақұрылым жөнінде жиі айтатын.

Мемлекет бұл бағытқа кейінгі бірнеше жылда өте қатты мән берді. Соның арқасында мыңдаған балабақша мен мектеп бой көтеріп, болашақ ұрпаққа қолайлы жағдай жасалды.

Нақты сандарға көз салар болсақ, Қа­зақстанда кейінгі 7 жылда 1 400-ден астам ба­ла­­­бақ­ша, 1 300-ден астам мек­теп ашылған. Қа­зір елдегі 8 мың­нан астам білім оша­ғы барын ескер­сек, 500 балаға 1 мек­тептен келеді. Бұл көр­сеткіш ал­дағы уақытта да жақ­сара бе­ретіні дау­сыз. Осылайша, бі­лім беру са­ла­сын­да үш ауысымды, екі ауысымды мек­­тептер азая бас­та­ды.

Кейінгі жылдары білім саласына бө­лінген қаржы да ұлғайғанын байқау қиын емес. Мысалы, 7 жыл ішінде бі­лім беру сала­сына 6,4 триллион теңге бө­лінді. Бұл қар­жының дені мектеп құры­лысына, білім беру базасына және педагогикалық құрамды қамтамасыз ету­ге бағытталған. Оқу-ағарту ми­нистр­лігінің мәліметінше, кейін 5 жыл­да 5 мыңнан астам ауыл мек­тебінің ма­териалдық-техникалық қоры жаңар­­тылды, білім ошақтарында 7 мың­­нан астам заманауи үлгідегі каби­нет­тер жа­сақталды.

«Жайлы мектеп» жобасы да салаға тың серпін берді. Әсіресе ауыл бала­лары қала­да­ғы қатарластарымен тең бі­лім алатын дәрежеге жетті. Қазірге дейін салынған 217 «жайлы мектептің» 84-і ауылдық жер­лер­де орналасқан. Бұл мектептерде STEM-зертханалар, ро­бототехника ка­бинеттері, ковор­кинг­тер, хореография жә­не спортзал­дар бар. Бастауыш және жо­ғары сынып оқушылары бөлек блок­тар­да білім ала­ды, ерекше білім беру қа­жет­тілік­тері бар балалар үшін кедергісіз ор­та қалыптасты.