Әнші Sadraddin Бішкекте сахнадан құлаған оператордың камерасын ұстап қалды (+ВИДЕО)

Әнші өнер көрсетіп жатқанда оны түсіріп жүрген оператор сахнаның шетіне жақындап, тепе-теңдігін жоғалтып құлаған.

Қазақстандық әнші Sadraddin Қырғызстан астанасында өткен «Бішкек Арена» стадионының ашылуында өнер көрсету кезінде сахнадан құлаған операторға көмектесуге тырысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 5 қазанда стадионның ресми ашылуына арналған концерт кезінде болған. Әнші өнер көрсетіп жатқанда оны түсіріп жүрген оператор сахнаның шетіне жақындап, тепе-теңдігін жоғалтып құлаған.

Sadraddin мұны байқап, операторды ұстап қалуға әрекеттенген. Бірақ ер адамды ұстап үлгермей, оның камерасын қағып алып қалды. Оператор құлағаннан кейін бірден орнынан тұрып, түсірілімін жалғастырған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары әншінің жағдайға жылдам әрекет еткенін атап өткен.

Айта кетейік, «Бішкек Арена» стадионының ресми ашылуы 5 қазанда өтті. Концертке Қазақстан мен Қырғызстанның бірқатар танымал өнерпазы қатысты.