Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент Оманның аймақтағы тұрақтылықты нығайту, дінаралық диалогты өрбіту және гуманитарлық бастамаларды іске асыру ісіндегі рөліне тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Түрлі тараптар арасына дәнекер болып, өзара түсінісуіне талай мәрте ықпал еттіңіз. Осы алғырлығыңыз Оманды өңірлік және халықаралық қатынастарда салмағы бар елге айналдырды. Біз бұл ұстанымды жоғары бағалаймыз. Еліңіз шын мәнінде әділ әрі ешкімге бұра тартпайтын бейтарап мәмілегер саналады. Сіздің тарихи сапарыңыз Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қатынастар жылнамасында маңызды кезең ретінде жазылады. Аса мәртебелі Сұлтан, халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесіңізді ескеріп, Сізге «Алтын Қыран» орденін табыстау – мен үшін зор мәртебе, – деді Мемлекет басшысы