Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сынын сәтті бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірінші айналымда жетінші нөмірмен тіркелген Данилина мен америкалық Дезире Кравчик жапониялық Сюко Аояма мен Қытай Тайбэйінің өкілі Лян Эн-Шоны жеңді. Екі сетке созылған матч қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, матч барысында Анна мен Дезире бір эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін олар жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.