«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының жырасында орналасқандықтан, жауын-шашын көп жауады. Бүгін тек қана оңтүстік жартысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық бөлігінде боран соғады.
Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-23 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жолдарда көктайғақ болады. Жел жылдамдығы – 17-22 м/с.Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысында жел 16 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз секундына 17-22 метр секунд жылдамдықпен жел соғады.