Отандық шахматтың шыңы биік

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Тур­лов­­ты Халықаралық шахмат феде­ра­ция­сының президенті болып сай­лануы­мен құттықтады. Президенттің ай­туын­ша, бұл Қазақстан мен отандық ша­х­мат мектебінің әлемдік аренадағы абы-ройы артып келе жатқанын көр­се­теді.

Мемлекет басшысы еліміз үшін шах­маттың орны ерекше екеніне тоқ­тал­ды. Шахмат спорттың бір түрі бол­уы­­мен қатар өскелең ұрпақтың зият­керлік әлеуетін дамытудың маңызды те­тігі саналады.

Соңғы жылдары қазақстандық шах­мат мектебі қарқынды дамып келе жа­тыр. Елімізде спорттың осы түрімен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде ай­налысады. Қасым-Жомарт Тоқаев Са­марқандта өткен Дүниежүзілік шах­мат олимпиадасында күміс медаль ие­ленген әйелдер құрамасының жар­қын жетістігін айрықша атап өтті.

Б­ұдан бөлек, Президент Қазақстан шах­мат федерациясының алдында тұр­ған басым міндеттерді атады. Мем­лекет басшысы құрама команданың әзір­лігін күшейту, жас таланттарды анық­тау мен даярлаудың тиімді жүйе­сін құру, білім беру саласында шахмат­ты ілгерілету және өңірлерде шахмат инф­рақұрылымын дамыту қажеттігіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бап­керлер мен төрешілердің білікті­лі­гін арттыру, бірлескен білім беру жо­ба­ларын іске асыру, сондай-ақ Қа­зақ­станда шахматтан ірі халықаралық жа­рыстар өткізу үшін ұлттық феде­ра­ция мен FIDE арасындағы ынты­мақ­тас­тықты нығайтудың маңызына баса мән берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловтың жауапты қыз­метіне табыс тіледі.

FIDE басшысы шахматты да­мы­туға ден қойып, оған қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ри­зашылығын білдірді. Сонымен қатар шах­матты әлемде кеңінен насихаттау, ха­лықаралық ынтымақтастықты ны­ғайту және ұлттық шахмат федерация­ларының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берді.