Үшеу болып жүрмеңіз!
Үшеу болып жүрмеңіз!
Жайбарақат жүрген, бей­қам­дық танытқан елдер пан­демияға жем болып жатыр. Тегеурінді тәртіп пен пәрменді шаралар арқылы коро­на­вирус­ты жеңуге болатыны мәлім бол­ды. Осыған орай, елімізде кү­рес шаралары күшейтілуде. Нұр-Сұлтан және Алматы қа­ла­ларында 30 наурыз бен 5 сәуір ара­лығында барлық дерлік кә­сіп­орындар мен ұйымдардың жұ­мысы тоқтатылады. Мұндай шұғыл шешімді Прези­дент жанындағы Төтенше жағдай ре­жимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Оның селекторлық отырысын Пре­мьер-Министр Асқар Мамин өт­кіз­ді. Жиында еліміздегі санитарлық-эпи­демиологиялық жағдай туралы Ден­саулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қа­лаларындағы ахуал туралы әкім­дер Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев баяндады. Мемкомиссия коронавирус ин­фекциясының таралуына тосқауыл қою үшін еліміздің екі ірі мега­по­ли­сінде – елорда және Алматыда ал­да­ғы дүйсенбі, 30 наурыздан бастап, бір аптаға – 5 сәуірге дейін меншік тү­ріне қарамастан, яғни мемлекеттік жә­не жекеменшік барлық кәсіп­орын­дар мен ұйымдардың жұмысын уа­қытша тоқтату туралы шешімді бе­кітті. Дегенмен қалалардың тіршілігін қам­тамасыз ету үшін тек бірқатар са­­­наттағы ұйымдарға жұмысын жал­ғастыруға рұқсат етілмек. Оның қа­та­рында орталық мемлекеттік ор­ган­дар, әкімдіктер, құқық қорғау ор­гандары, денсаулық сақтау ұйым­дары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар бар. Олардың толық тізімі қос қа­ла­ның әкімдіктерімен келісе отырып нақ­тыланады. Өз кезегінде елордада Корона­вирус­ инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жергілікті же­дел штаб «Нұр-Сұлтан қаласының ау­мағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі қосымша ша­ралар туралы» шешімін жария етті. Оған сәйкес, қалада қауіпті індеттің жайылуы жағдайларының көбеюіне байланысты жедел штаб 28 наурыз­дан бастап елордада азаматтардың тұр­ғын үйден шығуын шектеді. Тұр­ғындарға тек азық-түлік, дәрі-дәр­мек­тер сатып алу және жұмысқа бару үшін ғана көшеде жүруіне рұқ­сат етіледі. Далаға тіпті серуендеу үшін шығуға да болмайды. «Халықтың жаппай жиналатын орын­­­­­дары – саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және басқалары жа­был­­сын. Қоғамдық көліктің жұмысы ке­зең-кезеңмен шектелсін. Кө­ше­лер­де және өзге де қоғамдық жер­лер­де 3 адамнан артық топтасып (от­­басы мүшелерін қоспағанда) жи­н­алуға тыйым салынсын. Ересек адам­дардың еріп жүруінсіз кәме­лет­ке толмағандардың жалғыз жүруіне тыйым салынсын» делінген астана әкім­дігінің ресми сайтында жария­ланған штаб шешімінде. Астаналық Полиция депар­та­мен­тіне әлгі айтылған талаптарды бұз­ған не орындамаған адамдар қол­ға түссе, оларға тиісті әкімшілік ша­­р­аларды дереу қабылдау жүктелді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары азаматтардың қоғамдық орындарда, сая­бақтарда, көшеде себепсіз сен­делуі­не жол бермеу үшін қалада патру­ль­деу жұмысын ұйым­дас­тыра­ды. Қаланың қоғамдық даму істері бас­қар­ма­сына жұқтыру ошақ­та­рын оқ­шау­лау­ды және оның та­ралу қауіп­­­­­терін мей­лінше азайтуды қам­­­та­масыз ету­ге арналған шектеу және әлеу­мет­тік оқшаулау шара­ла­рын БАҚ-та ақ­параттық сүйе­мел­деу жә­не бұл ша­ралардың маңыз­ды еке­нін тұр­ғындарға түсіндіру тап­сырылды.  

Айхан ШӘРІП