Бүгінгі ауа райы болжамы: елдің солтүстігі мен шығысында екпінді жел күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +11...+13°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +17...+19°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +21...+23°C.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.