Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 69,45 ұпай еншіледі.
Бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова аралық есепте көш бастады. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким - 75,99 ұпай.
Сондай-ақ қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай, 13-орын), Алика Халимова (44,68, 14-орын), Амира Ирматова (42,03, 16-орын), Зере Сарбалдина (41,92, 17-орын) және Амина Алексеева (32,68, 19-орын) өнер көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, еркін бағдарлама 9 қазанда өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.