Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігіне өтінішін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші көшеде келе жатып, кәріз құдығының қақпағы сынып қалғанын көрген. Бұған алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Медеу ауданы әкімдігі! Мына кәріз құдығының қақпағы сынып тұр екен. Біреу ішіне түсіп кетсе, қайтесіздер? Көліктің дөңгелегі кіріп кететіндей екен. Жаяу шығып едім, өзім түсіп кете жаздадым», - дейді Мақпал Жүнісова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.