Алдағы күндері қай өңірлерде күн суытады?

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Абай, Павлодар және Жетісу облыстарында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Бірқатар өңірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Кейбір аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 09-11 қазанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер.

09 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскемен қ.: 09 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

09 қазанда Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Семей қ: 09 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 09 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 09 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

09 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 қазанда Павлодар облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 09 қазанда жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

09 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 09 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.

Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 09 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 09 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 09 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 09 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі.

Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 09 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

09-11 қазанда Қызылорда облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 09-11 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.