Ұрпақтар эстафетасы: Әскери кафедрада маңызды кездесу өтті

Студенттер Ұлттық ұлан генералымен кездесті.

Астанада "Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ әскери кафедрасында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетовтің қатысуымен "Бейбіт өмірде ерлікке орын бар" атты тақырыптық кеш өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу аясында Қайрат Жарылқасынұлы әскери кафедраның қызметімен, студенттерді даярлауды ұйымдастырумен және оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен танысты. Кездесуде патриоттық тәрбие, жауапкершілікті қалыптастыру және әскери серіктестіктің дәстүрлерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мерзімді қызметтің бұрынғы әскери қызметшісі Абзал Сұлтанқұловтың және Ұлттық ұланның қазіргі әскери қызметшілерінің онлайн байланысқа шығуы іс-шараның орталық эпизодтарының бірі болды. Абзал Сұлтанқұлов 2016 жылғы 7 сәуірде мерзімді қызмет атқару кезінде оқыс жағдайда Қайрат Үмбетовтің тарапынан көрсетілген көмек пен жанқиярлық оқиға туралы айтып берді. Қазіргі әскери қызметшілер өз кезегінде студенттермен құқықтық тәртіп әскеріндегі тәрбие жұмысының тәжірибесімен бөлісті, оның тәртіпті сақтаудағы, жауапкершілікті қалыптастырудағы және әскери борышын орындауға дайындықтағы негізгі бағыттары мен маңызы туралы әңгімеледі.

"Ұрпақтар эстафетасы" аясында студенттер әскери қызметтен өту, кәсіби жол, жеке тәжірибе және жас буынмен жұмыс туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында студенттер Республика күніне орай "Сарбазға хат" патриоттық акциясын өткізу туралы бастама көтерді. Акция аясында әскери қызметшілерге алғыс және қолдау сөздерімен хаттар дайындау, сондай-ақ әскери бөлімге бару және хаттарды жауынгерлерге жеке тапсыру жоспарлануда. Тақырыптық кеш ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің өнерімен қорытындыланды.

Мұндай кездесулерді өткізу студенттерге әскери қызметшілермен және қолбасшылық өкілдерімен тікелей байланысуға, әскермен етене танысуға және әскери қызметтің дәстүрлері, құндылықтары мен талаптары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.