Қарттар ыстық тамақпен қамтылды
Қарттар ыстық тамақпен қамтылды
131
оқылды
Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық жо­балардың аясында 18 наурыздан бастап #Bizbirgemiz  акциясы басталды. Қазіргі таңда Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалымен 1 000-нан аса мұқтаж жан­дарға көмек көрсетілді. Карантин кезеңінде егде жас­тағы жалғызбасты адамдарға азық-түлік сатып алу және тамақ дайын­дау қиындық тудырады. Осыған орай, #Bizbirgemiz акциясы мен «Ар­дагерлерді ардақтайық» пар­тия­лық жобасының аясында Nur Otan партиясының Алматы қала­лық филиалы, Алматы қаласының әкімдігі және Nomad MMA рес­пуб­ликалық федерациясы 27 нау­рыздан бастап 90 жастан асқан жал­ғызбасты қарт адамдардың үйі­не тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйым­дастыра бастады. «NOMAD MMA Федерациясы, қа­зақстандық ММА аралас жауын­герлік жекпе-жегі бойынша бірік­кен федерациясы және Қазақстан­ның жауынгерлік өнер қауымдас­ты­ғымен бірлесе отырып #Biz-­birgemiz акциясын қолдау мақ­са­тында карантин кезеңінің аяғына дейін 90 жастан асқан барлық жал­­­ғызбасты қарт адамдарды күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етуде өз үлесімізді қосайық деп шеш­тік. Қазір бұл адамдарға көмек қа­жет, олардың тамақ дайындауға ша­масы жоқ. Біз көмек қажет бол­ған кезде шет қалмаймыз және бар­лық күш-жігерімізді жұмсай­мыз», – деді Nomad ММА федера­ция­сының президенті Гаджи Гад­жиев.    width= Сонымен қатар ол спорт­шы­ларды жай ғана өсіру емес, жас ұрпақ­ты отансүйгіш рухта тәр­бие­леп, салт-дәстүрімізді сақтап, аға буынға құрмет пен қамқорлық жасауды үйрету керегін айтты. «Jas Otan жастар қанатының ерік­тілері күн сайын  аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Арнайы шотқа қаражат бөлген кә­сіп­керлер де шет қалмай, өзде­рінің қо­мақты үлесін қосуда. Осы қиын-қыстау уақытта барлық азамат­тар­ды бірігіп, бір-біріне кө­мек­тесуге шақырамыз. #Bizbirgemiz, – деді Jas Otan ЖҚ Алматы қа­­ла­лық фи­лиа­лының төрағасы Мәди Ах­ме­тов. Өз кезегінде тыл ардагері Ораз­күл Мамисерова: «Nur Otan пар­тия­­сына рақмет! Ешқашан біз сияқты ар­дагерлерді ұмытқан еме­с­­сіздер. Бұл – шынымен де сену­ге болатын партия. Елбасы мен Президен­ті­міз­г­е бізге арнап жа­сап жатқан қам­қорлығы үшін мың алғыс!», – де­ді. Аталған акция аясында каран­тин кезеңінің аяғына дейін күн сайын 400-ден астам аса қажет­тілікті талап ететін қарт адамдарды ыс­тық тамақпен қамтамасыз ету жос­парланған.  

Гүлнар ТӘЖИЕВА