Басқосуға түрлі салада еңбек ететін әйелдер, аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева және аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы Жеміс Тілепқалиева қатысты.
«Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Айгүл Әмірғалиева «Қызғылт қазан» ақпараттық акциясының маңызын атап өтіп, әйелдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарау және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің қажеттігін айтты.
Анар Доспаеваның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында ауданда әйелдер арасында ауруларды ерте анықтауға бағытталған 9 309 скринингтік тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, үш әйелден сүт безі обыры, бір әйелден жатыр мойны обыры анықталған. Сонымен қатар басқа да аурулар тіркелген.
Кездесу барысында мамандар скринингтік тексерулердің маңызы туралы ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы