ТМД елдері 2028 және 2029 жылдардың қандай бағыттарға арналатынын белгіледі

Бұл туралы Ақорда жазды.

Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды.