Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, тізімге Қазақстан құрамасынан жеті ер спортшы кірді.

60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.