Халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына отандық кондитер үйі ерекше сый жасады , - деп жазды Aikyn.kz.
Аспаздар өнер иесіне арнап төрт қабатты торт жасады. Оны әзірлеуге 13 күн жұмсаған. Тортта театр сахнасы бейнеленіп, Меруерт Өтекешованың суреттері орналастырылған.
«Қазақтың Қыз Жібегіне қуаныш сыйлауды қаладық. Ал бұл видеода сол қуаныштың артындағы жұмыс. Қазақтың Қыз Жібегі - Меруерт Өтекешоваға арналған тортымыз осылай дайындалды. Идеядан бастап соңғы безендіруге дейін кондитерлеріміз бар шеберлігі мен ықыласын салды. Әр бөлшекті дайындап, безендіріп, бәрін бір туындыға біріктіру командамыз үшін ерекше жұмыс болды», - делінген жазбада.
Актриса тосынсыйды көргенде таңданып, ерекше әсер алған. Өнер иесі шеберлерге алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.