Бүгін Англия Чемпионшипінің 9-турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі. Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастайды.
Сәтпаев соңғы рет 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында (1:1) алаңға шыққан. Сол кездесуде жарақат алып, содан бері матчтарға қатыспаған.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.