Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатуды талап еткен болатын

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей украиналық энергетикалық нысандарға шабуылын тоқтатса, Киев те Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды доғаруға дайын екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған кез келген қадам екіжақты болуы және нақты кепілдіктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Зеленскийдің мәліметінше, соңғы бір аптада Ресей Украинаға шамамен 1450 әуе бомбасын, 75 зымыран және 1640-тан астам шабуылдаушы дрон қолданған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатуды талап еткен болатын.