Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы ұсталды

Полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

10 қазанда Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдардың жаппай қысылып қалуына байланысты ұйымдастырушы қамауға алынды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны алаңның сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар көп жиналып, 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Концертті ұйымдастырған 1984 жылы туған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.